Жасыл алаңда — журналистер

Өткен жексенбіде Кірпішті ауылындағы теннис орталығының футбол алаңында шағын футболдан журналист Әмір Оралбай атындағы екінші турнир болып өтті. Турнирді екінші жыл қатарынан Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы мен «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС ұйымдастырды. Турнирдің ашылуында Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев, марқұмның анасы Әмида сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. … Әрі қарай оқу Жасыл алаңда — журналистер